Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шүкір етуші пенде

17.11.2014 4422 0 пікір

Аллаһ Тағала бір пендесін сынау үшін көзін көр етіп жаратады. Оған қоса дәл сол пенденің екі қолы мен екі аяғы болмайды.

Бірде оның үйіне кірген біреу сол көзі көр, қол-аяғ жоқ пенденің: «Менi басқалардың басыңа түскен қасiреттен сақтаған әрі басқа жаратқандарынан абзал еткен Аллаһ Тағалаға мақтау болсын»-деп айтқанын естіп қалады.

Әлгі келген адам аң-таң: «Мынау көзі көр, аяқ-қалы жоқ адам тағдырынан қалайша разы болуы мүмкін?»

Содан соң ол көзі көр адамнан: «Сен Аллаһ Тағалаға не үшін шүкіршілік етіп отырсың?»-деп сұрағанда, әлгі адам: «Хақ Тағала маған Оған мақтау айтатын тіл, Оны зікір ететін жүрек, қиыншылыққа сабыр ететін дене берді. Мен Аллаһ Тағала сол үшін шүкіршілік етемін»-деген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру