Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақсылықты Алла үшін істе

11.11.2014 4078 0 пікір

Иманды бір мұсылман Меккеде болған кезінде шашы өсіп, өзінде қырынатын еш нәрсе болмағандықтан шаштаразға келеді. Оның жүзінен жылылықты байқап: “Алланың разылығы үшін шашымды алып бересің бе?” - деп сұрайды.

Ол: “Алланы сүйгендіктен, Оның ризашылығы үшін қайырымдылық жасайын," - дейді де орындыққа отырғызып, шашын алып береді. Одан соң қолына ораулы бір затты ұстатады. Оның ішінде біраз ақша бар еді. Ол оған: “Әй, бауырым, сен алыстан келіп, бөтен елде жүрген адамсың. Сенің халіңді түсінемін. Мына ақшаны ал, қажетіңе жаратарсың, дейді.

Әлгі кісі ақшаны алып, ішінен сәті түскен күні қайтарармын деп ойлайды.

Одан шығып Харам мешітіне келгенде таныс адамдардың бірі келіп: “Басрадан саған үш жүз динар ақша келді. Ол - саған Алла үшін берілген нәрсе,” — дейді. Ол ақшаны алып, шаштаразға келеді де оның қолына ұстатады. Шаштараз оған қатты ашуланып: “Әй, мырза, маған келіп, Алла үшін шашымды алып бер дедің. Енді Алла разылығы үшін еткен ісіме ақша алуымды сұрайсың. Бар, жөнел. Алла саған жеңілдік берсін!” - дейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру