Адамдар көбінесе қатыгездеу, қисынсыз және өзімшіл келеді. Сен сонда да оларды кешіре біл!
Ниетің адал болғанымен, адамдар сені өзімшіл және күмәнді деп кінәлайды. Сен сонда да адал ниетіңнен айырылма!
Жеңімпаз болсаң, жалған достар мен шын дұшпандар табарсың. Сен сонда да жеңімпаз болып қал!
Егер адал және таза жүректі болсаң, адамдар сені алдайды. Сен сонда дакөңіл тазалығыңнан айырылма!
Сенің өмір бойы жасағаныңды біреулер бір сәтте құртуы мүмкін. Сен сонда да жасай бер!
Шын тыныштықты тапсаң және бақытқа кенелсең, сені күндейтіндер болады. Сен сонда да бақытты бола бер!
Бүгінгі жақсылықтарың ертең-ақ ұмытылады. Сен сонда да жақсылық жасаған үстіне жаса!
Ізгілік атаулыдан қолыңнан келгеннің бәрін жаса. Үнемі ізгіліктің жолында бол! Жаратушы Алланың ізгілік жасаушыларды жақсы көретінін де еш ұмытпа!!!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.11.2014
5607
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру