Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сонда жәннаттық боларсың

07.11.2014 3191 0 пікір

Бір кісі мәшһүр ғалымға келіп: «Иә, хакім, маған бір уағыз айтып, ғылымнан бір нәрсе үйретіңіз. Сонымен амал етіп, Алланың рахметіне бөленейін»,- дейді.

Сонда ғалым: «Саған ғылымнан бір нәрсе үйретпес бұрын сұрақ қояйын. Жауап бере алсаң, тілегенің болсын», - дейді.

- Алла Тағала ақыретті дүниеден артық етті ме, әлде дүниені ақыреттен артық етті ме?- деп сұрайды. Пенде:

- Алла Тағала ақыретті дүниеден артық етті,- деп жауап берді. Ғалым:

- Сен ақыретті дүниеден артық көремісің, әлде дүниені ақыреттен артық көремісің?

- Мен дүниені ақыреттен артық көремін.

- Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) байлардан кедейлерді жақсы көрді ме, әлде кедейлерді байлардан жақсы көрді ме?

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кедейлерді байлардан жақсы көрді.

- Сен, кедей мен байдың қайсысын жақсы көресің?

- Әрине, байларды көбірек жаратамын.

Осыдан кейін барып ғалым:

- Рас айттың, саған Алла береке берсін. Алла Тағала сүйген нәрсе мен Алла Елшісі (с.ғ.с.) сүйген нәрсені біледі екенсің. Уағыз насихатқа ықыласың бар көрінеді. Енді өзіңнің пендешілік райыңнан қайт. Ақыретті дүниеден, кедейлікті байлықтан артық жақсы көр. Сонда Алла тағаланың сүйген құлдарынан болып, жәннаттық боларсың, - деп айтқан екен ғалым.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі