Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Америкалық дәрігер исламды қабылдады

05.11.2014 3508 0 пікір

Америка Құрама Штатының тұрғыны, мамандығы акушер-дәрігер Оливия есімді қыз өзінің Исламды қалай қабылдағанын былайша баяндайды.

Бір күні аяғы ауыр мұсылман әйел перзентханаға босануға келеді. Ол кезде Оливияның кезекшілігі бітіп жатқан уақыты еді. Оливия оны босандыра алмайтынын және оны босандыруға басқа дәрігер ер кісі келетінін айтады. Мұны естіген мұсылман әйел ер кісіге қаралғысы келмейтіндігін айтып, көзіне жас алады.

«Мұсылман әйел күйеуінің басқа еркекке көрінгенін қаламайтындығын айтқанда мен кәдімгідей таңғалдым», - дейді Оливия.

Әлгі мұсылман әйел сәті келіп аман-есен босанды. Мен оған 40 күнге дейін ерімен жақындаспауын, оның денсаулығына зиян  екенін және ауыр зат көтермей, жақсы тамақтану керектігін айттым. Бұл кеңесімді естіген мұсылман әйел бұлардың бәрі ислам дінінде бар екенін сондай-ақ, шариғат заңы белгілі уақытқа дейін ер мен әйелдің төсек қатынасына тыйым салғанын және ол уақытта намаз, оразадан босатылатынын айтып берді.

Палатаға кіріп келген балалар дәрігері де бала оң жағымен жатса, жүрегіне еш салмақ түспейтінін ескертеді. Мұны естіген жанындағы күйеуі жауап ретінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар сүннеті ретінде солай жатқызатынын айтты.

- Біз өмір бойы осы ғылымды, білімді алуға уақытымызды зая етіп жүргенде, олар өздерінің діні арқылы біліп, қажетіне жаратып жатыр. Ойлана келе мен бұл дінді жақыннан тануға тырыстым.

Мен кезекті демалысымды алып қалаға жол тартып, үлкен ислам орталығына бардым. Ол жақта көп уақыт болып, өзімді мазалаған сұрақтарға жауап таптым және мұсылмандармен етене араластым. Арада бірнеше ай өтіп ақиқатқа көз жеткізгеннен кейін шынайы дін болған исламды қабылдадым, – дейді америкалық дәрігер Оливия өткенін еске алып.

Дайындаған Қайырбек ОТЫЗБАЕВ,
«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі