Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жәннаттың жолын қайдан білмексіз?!

04.11.2014 4220 0 пікір

Өзге дінді ұстанатын бір кісі бөгде елге сапармен барады. Ол көшеде кетіп бара жатқан кішкентай баланы тоқтатып, қалада орналасқан шіркеуге барар жолды көрсетіп жіберуін өтінеді. Әлгі бала жөн сұраған кісіні шіркеуге алып келеді.

Кішкентай баланың көмегімен шіркеуге келген кісі: «Балам, саған көп-көп рахмет. Ертең осы жерге кел. Саған жәннатқа баратын жолды көрсетейін» дейді.

Оның қулығын сезген кішкентай бала да: «Шіркеуге баратын жолды білмей тұрып, жәннаттың жолын қайдан білмексіз?!» деп ой тастарлық жауап қайтарған екен.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру