Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лұқманнан қалған насихат

28.10.2014 4283 0 пікір

Хазіреті Лұқманға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген ілімдеріңізді қортындылап, нәпсі тәрбиесі жайында бізге қысқаша бір сөз айтасыз ба?» - деп өтініш жасапты.

Сонда хазіреті Лұқман: «Иә, Пайғамбарлардың ілімдерінен қорытындылап, екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсеніұмытпау, екі нәрсені мүлде ұмыту.

Қорғайтын нәрселер: Намазда көңілді, халық арасында тілді, жеп ішуде тамақты, біреудің үйіне барғанда көзді.

Ұмытпайтын екі нәрсе: Аллаһтың ұлылығы мен өлетін уақыт (Ақтык дем).

Ұмытатын екі нәрсе: Өзіңнің біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт, біреудің өзіңе істеген жамандығын ұмыт. 

Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге кұлшынысты арттырады. Өзіне істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осы айтқандарым Пайғамбарлардың ілімдерінен қортындылағандарым» , - деп айтқан екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру