Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тасбих тартудың маңызы

23.10.2014 7451 0 пікір

Сахабалардың ішінде тұрмыстық жағдайы төмен бір топ Аллаһтың Елшісіне келіп:

-Ей, игілік иесі болған Аллаһтың Елшісі! Арамыздағы біршама мұсылмандардың мол нығметке бөленгені сондай олардың дәрежелері күн сайын артып барады... - деді іштегі шерлерін ақтарып. Аллаһтың Елшісі:

-Қай тұрғыдан артып барады? - деп сұрағанда, әлгі кедейлер:

-Біз намаз оқимыз, олар да намаз оқиды. Біз ораза тұтамыз олар да ораза тұтады. Ал, олар садақа берген кезде дүниенің тарлығынан біз бере алмай қалып жатамыз. Олар құл азат етіп жатқанда, біздің құл азат ете алмайтынымыз тағы бар, - деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-Сіздерге өздеріңнен алдыңғы озғандарға жете алатындай, сіздерден де артта қалғандардың жете алатынындай және сіздер сияқты жасап және сіздерден де дәрежесін асыра алмайтын амалды үйретейін бе? - деді.

Әлгі кедей топ та күткеніміз осы еді дегендей, дереу:

-Иә, үйретіңізші, Аллаһтың Елшісі! – деді жүректері жарыла қуанып.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-Әр намазды оқығаннан кейін отыз үш мәрте «Сүбханаллаһ» (Алла түрлі кемшілік сипаттардан пәк), отыз үш мәрте «Әлхамдулилләһ» (Аллаға шүкірлер болсын), отыз үш мәрте «Аллаһу әкбар» (Аллаһ ұлық) деп айтыңыздар, - деді.

Араға уақыт салып әлгі пақыр топ пайғамбарымызға келіп:

-Ей, Аллаһтың Елшісі! Өзге бауырларымыз да біздің істеген осы ісімізді естіп, олар да осылай жасады, - деді. Сосын пайғамбарымыз:

-Бұл амал Аллаһтың алдындағы дәрежені арттыра түседі, - деп жабырқаулы көңілдерге медет сыйлады.

Дайындаған Қайырбек Отызбаев,
"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру