Мұсылман қауымы «бесінші халифа» деп таныған Омар ибн Абдул-Азиздің (61-101 һ.ж./681-720 м.ж.) он бір баласы болады.
Өлім төсегінде жатып ол: «Менің сендерге мирас етіп қалдырар өзге дүнием»-жоқ деп, ұлының әрбіріне бір динарға да жетпейтін ақша қалдырып кетеді.
Басқа бір халифа Һишам ибн Абдул-Маликтің де (71-125 һ.ж./691-743 м.ж.) он бір ұлы болып, ол оның бәріне мыңдаған динар мұра қалдырып кетеді.
Кейін Аллаһ Тағала Омар ибн Абдул-Азиздің барлық ұлын байытып, олардың бірі дін жолындағы күрес үшін жүз мың атты жабдықтап береді.
Ал Һишам ибн Абдул-Маликтің барлық ұлы кедей болған күйде ғұмыр кешеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру