Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жәннатқа егілетін жеміс

13.10.2014 4496 0 пікір

Хазіреті Әбу Хурайра былай дейді: «Ағаш отырғызып жатқанымда қасыма Алла Елшісі (с.ғ.с.) келді де: «Иә, Әбу Хурайра! Мына егіп жатқаның не?» - деп сұрады. Мен: «Өзім үшін деп егіп жатқан көшет еді ғой», - дедім. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Саған жақсылық әкелетін, егуге болатын көшетті көрсетейін бе?» - деді. «Көрсетіңіз, иә Алланың Елшісі», - дедім. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Субханаллаһи уәлхамдулилләһи уәлә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар (Алла барлық нұқсан сипаттардан пәк, барлық мақтау Оған тән. Алладан басқа тәңір жоқ. Алла ең ұлық) деп айт! Осыны айтатын болсаң, әрбір сөзі үшін саған жәннаттан бір-бір ағаш егіледі», - деді.

Және бір сахаба Ибн Масғудтан жеткізілген хабарда Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Миғраж сапарында хазіреті Ибраһим (а.с.) пайғамбарға кездестім. Ол маған: «Ей, Мұхаммед! Үмметіңе менен сәлем айт және мына хабарды жеткіз.

Жәннаттың топырағы таза, суы тәтті. Бұл жер тегіс әрі бос. Ол жерге егілетін дән де Субханаллаһи уәлхамдулилләһи уәлә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар (Алла барлық нұқсан сипаттардан пәк, барлық мақтау Оған тән. Алладан басқа тәңір жоқ. Алла ең ұлық) сөзі», - деп айтты».

 Дайындаған Қайырбек Отызбаев,
«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру