Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Байлығыңа мастанба!

11.10.2014 3996 0 пікір

Бірде Харұн Рашит пен данышпан Шақиқи Бәлхи әңгімелесіп отырса керек. Бір мезет патшаға данышпан оқыстан былай деп сұрақ қойыпты:

«Патшам, ұшы-қиырсыз шөл далаға тап болдыңыз. Неше күн жүріп шөл қысып өліп бара жатқан жайыңыз бар. Алда-жалда алдыңыздан біреу шығып: «Бір жұтым су берем, ажалдан аман қаласың. Бірақ маған байлығыңның жартысын бер», – десе, берер ме едіңіз?

Патша ойланбастан: «Қу жанымнан қымбат па, берер едім», – депті. Данышпан: «Дұрыс айттыңыз», – деп, артынша: «Уа, патшам, – депті, – сіз ол суды ішкенмен әлден уақытта дәрет қысып өлер болдыңыз. Өздігіңізден шамаңыз келер емес. Әлден уақытта біреу келіп: «Маған қалған жарты байлығыңды бер, ішкен суыңды қайта сыртқа шығарасың», – десе, берер ме едіңіз?

Патша: «Иә, бермеске амал бар ма?» – депті. Сонда данышпан «Әй, Харұн! Ендеше, басыңа іс түскенде ішіп қайта сыртқа шығарған бір жұтым су құрлы құны жоқ байлығыңа есіріп, ешқашан мастанушы болма!», – деп үлкен ой салған екен. 

 Құдайберді Бағашар

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру