Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхаммед үмметіне құрылған айла

19.09.2014 4700 0 пікір

Бірде Алланың қарғысына ұшыраған Ібіліс қарт бейнесінде Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға келеді. Сүлеймен пайғамбар оған: «Ей, шайтан! Иса пайғамбардың үмметіне қандай айла жасайсың, оларды қалай азғырасың?», - дейді. Сонда шайтан: «Оларды Алладан басқа нәрсеге серік қосуға шақырамын. Олар оны Алла деп сыйынады. Өз-өздеріне пұт жасап, соған табынатын болады», - дейді.

Сүлеймен (а.с.) пайғамбар тағы да: «Ал, Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметіне қандай айла жасайсың, оларды қалай азғырасың?», - дейді. Қарғыс иесі болған шайтан былай деген екен: «Оларды алтын, күміс және ақшақұмарлықпен азғырамын. Олар алтын, күміс, ақшаны «Лә иләһә иллаллаһ» деген сөзден де қатты жақсы көретін болады. Сондай-ақ олар «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтудың өзін ұмыта бастайды. Осылайша алтын, күміс пен ақша соңын қуалаумен жүреді»,- деген. 

Түйін. Міне, шайтан атаулы Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың үмметі болған біздерге осылай айласын жасап бағуда. Дүние деп жүріп кей кісілер балаларына «лә иләһә иллаллаһ» сөзін үйрете алмай жатқандығы қынжылтады. Әлі де көп жастарымыз кәлиманың не екенін білмейді. Олай болса, иманның алғы шарты болған кәлима сөзін балаларымызға үйретуден жалықпайық, ағайын.

Қайырбек Отызбаев, 
«Иманғали» орталық мешітінің
наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру