Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ысырап жасамау, үнемшіл болу

10.09.2014 6543 0 пікір

Дінімізде үнемдеуге қатты мән берілген. үнемдеу – берілгенге білдірген шүкіршілігіміз. Бекер малшашпақтың маңдай тердің қадірін білмеу деген сөз. Шүкіршілігіміз көбейсе, дәулетіміздің берекесі де артады.

Ысырап ету – дінімізде харам іс. Бұл жайында Алла Тағала: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Алла ысырап етушілерді немесе ысырапшылдарды жақсы көрмейді», десе, келесі аятта: «Малыңды ысырап етпе. Себебі ысырап етушілер шайтанның бауырлары. Ал шайтан болса, Раббысына қарсы келіп, күпірлік қылады», делінген.

Тағы бір хадисте: «Үндемей білу – тәртіпті өмір сүрудің жартысы, адамдарға сүйіспеншілікпен қарау – ақылдың жартысы, мәнді сұрақ қою – білімнің жартысы», дейді.

үнемдеудің кілті көрпеге қарай көсілуде жатыр. Әсіресе, әйел бұған қатты мән беруі қажет. Себебі табысты табушы еркек болғанымен, үйге керекті заттарды сатып алатын әйел. Үйге алынатын заттардың ең қажеттісін алу, көрсеқызарлыққа салынып ұнап қалған барлық нәрсені жинай бермеу, киім-кешек, азық-түлікке қанағатшыл болу ертеңгі күнін ойлайтын мұсылман әйелдің тақуалығына жарасар. О дүниеге барғанда қолына түскен әрбір зат үшін есеп беретінін біліп, бәрін де орнымен жұмсауға дағдылану керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде:

«Қиямет күні Алланың алдына барғанда бір де бір пенде өмірін қалай өткізгені, алған білімін қалай қолданғандығы, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қандай жолдармен тауып, қай жолда сарп еткені және тәнін қайда жүріп тоздырғандығы жайлы есеп бермейінше, бір адым алға жылжи алмайды» деп айтқан.


«Исламдағы жанұя»
кітабынан алынды

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру