Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Укаша ибн Мухсиннің қулығы.

28.08.2014 4873 0 пікір

Ибн Аббас (Оған Алла разы болсын) айтады: «Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қаза болатын күні жақындап қалғанда Біләлға (Оған Алла разы болсын) азан айтып адамдарды мешітке намазға шақыруын сұрайды. Азаншы Біләлдың азанын естіген Мединадағы барлық Мухажирлер мен Ансарлар мешітке жиналды. Сахабалар мешітте екі рәкағат намаз оқып болғаннан кейін Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберге шығып, әуелі Аллаға мадақ айтып, сосын уағызын бастады. Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл әсерлі уағызынан мұсылмандардың барлығының жүректері елжіреп, көз жастары көл болды. Хұтпадан кейін Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сахабаларына қарап: «Ей, мұсылмандар! Мен сендерге Пайғамбар, әрі Алла жолына насихаттаушы болдым. Сондай-ақ, сендерге мейірімді бауыр, рақымды әке де болдым. Егер мен сендердің қайсібірлеріңе зұлымдық жасаған болсам, онда Қиямет келмей тұрып ол адам менен қазір шығып өз хақысын алсын»,- деді. Бірақ ешкім үндемеді. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі сөзін екінші рет қайталаса да мешіттегі тыныштық бұзылмады. Бірақ, үшінші рет қайталаған кезде Укаша ибн Мухсин деген Сахаба орнынан тұрып, мінберде тұрған Пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  келді де: «Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Алланың елшісі! Егер сіз осылай қайта-қайта айтып сұрамағаныңызда бұны айтпас та едім. Бірақ, Бәдір соғысы күні мен сіздің қасыңызда жүрген болатынмын. Бір кезде мен түйемнен түсіп сіздің түйеңізге келіп аяғыңыздан ұстамақшы болғанда, түйені ұратын қамшыңызбен менің белімнен салып қалдыңыз. Уа, Алланың елшісі! Сіз мені әдейілеп ұрдыңыз ба, әлде түйені жүргізу үшін ұрдыңыз ба,  білмедім», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ей, Укаша! Алла сені қорғанына алсын! Алланың Пайғамбары сені қамшысымен әдейі ұрады ма екен?» деді де қасында тұрған Біләлға қызы Фатиманың үйіндегі қамшыны әкелуді сұрады. Біләл (Оған Алла разы болсын) дереу Фатиманың (Оған Алла разы болсын) үйіне жүгіріп кетті. Фатиманың (Оған Алла разы болсын) үйіне келіп есігін ұрғанда үй ішінен Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызының «Бұл кім?» деген дыбысы шықты. Біләл Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қамшыны әкелуін бұйырғанын жеткізді. Бұған Фатима (Оған Алла разы болсын) «Я, Біләл! Әкем ол қамшымен не істемек ойы бар?» деп сұрағанда Біләл мән-жайды айтып берді. Сонда Фатима (Оған Алла разы болсын) «Я, Біләл! Қандай адамның Алла елшісінен кек алуға жүрегі даулайды екен?» деп таңдана сұрады. Біләл (Оған Алла разы болсын) бұл сұраққа жауап бере алмастан қамшыны алып мешітке жүгірді. Алла үйіне жетісімен Біләл (Оған Алла разы болсын) қамшыны Пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берді, ал Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны Укаша ибн Мухсинның қолына ұстатты. Сол сәтте мән-жайды бақылап отырған Әбу Бакр мен Омар (Оларға Алла разы болсын) орындарынан бірдей атып тұрып: «Я, Укаша! Біз сенің алдыңда тұрмыз. Ұрам десең міне тәніміз, бірақ Алла елшісін (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұра көрме!» дейді. Сонда Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол екеуіне қарап: «Екеуің де отырыңдар. Алла сендердің ниеттеріңді білді (яғни, Пайғамбарды қорғау үшін өздерін құрбан етуге дайын екенін Алла біледі деген мағынада)»  - дейді. Олар отырысымен Әли ибн Әби Талиб орнынан тұрып Укашаға|: «Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орнына мені ұр, міне арқам, міне ішім. Қалағаныңша ұр!» - деп, ол да Әбу Бакр мен Омардың айтқан сөзін қайталады. Бірақ, Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған да әлгі екеуіне айтқан сөзін айтты. Одан соң аталары үшін өздерінің таяқ жеуге дайын екенін білдіріп, Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хұсейн орындарынан тұрып: «Я, Укаша! Сен біздің Пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немерелері екенімізді білесің. Ендеше, бізді ұрғаның оны ұрғаның емес пе?» - дей бергенде Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немерелеріне: «Көзімнің қарашықтары, сендер де отырыңдар» - дейді де, Укашаға қарап «Я, Укаша! Хақыңды алу үшін мені ұрғың келсе, мына қамшымен ұр» - деді. Сонда Укаша ибн Мухсин қысылмастан осы сәтті күткендей: «Я, Алланың елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Сіз мені ұрғанда, менің денем жалаңаш болатын» - деп, Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқасын жалаңаштауын меңзегендей болды. Сонда Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үндеместен үстіңгі киімін шешті. Осы сәтте мешітте отырған бүкіл Сахабалар шулап кетті. Ал, Укаша оның әппақ денесін көріп, сол сәтті күтіп тұрғандай Пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашық денесін дереу құшақтап: «Кімнің сенен өш алуға жүрегі шыдайды, Я, Расуллаһ?! Менің бұлай істеген себебім, Сенің мүбарак денеңді құшақтасам, соның шарапатынан Алла менің денемді тозақ отынан сақтайма дегенім ғой»,- деп еңіреп жылап жібереді. Сол кезде Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сахабаларына қарап «Сендер жұмаққа кіретін адамды көргілерің келсе, мына адамға қараңдар» - деп, Укашаны көрсетеді. Осыдан кейін барлық Сахбалар Укашаны бірінен соң бірі құшақтап: «Сен қандай бақыттысың. Үлкен дәрежеге қол жеткіздің, әрі жұмақта Алла елшісімен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолдас болу мәртебесіне де ие болдың. Қандай үлкен жақсылық!»,- деп қуаныштарын білдіріп жатты».   

 

Бурхан АБДУЛХӘКІМ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі