Генерал жауынгерлердің соғысқа дайындығын тексеріп көрмекші болады. Қаз-қатар тізілген әскердің жанынан өте бере, рота командиріне бұрылып:
– Иә, командир мырза! Соғысқа дайындықтарың қалай? Не жетіспейді?
– Бес нәрсе жетпейді!
– Санай ғой.
– Біріншісі оқ-дәрі.
– Болды қалғанын айтпай-ақ қой... Дайын емессіңдер, – дейді де қатты ашуланып, кетіп қалады.
Мұндағы оқ-дәрі мұсылманның иманы іспетті. Соғыста оқ-дәрі басты қажеттілік болса, мұсылманның иманы – өмірдегі ең басты жолбасшысы. Егер иман толық болмаса, қалған амалдың бәрі бос деген сөз.
Дайындаған Файзулла Тайтелиев
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2014
5325
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру