Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ар азабы

18.06.2014 5754 0 пікір

1994 жылы американдық суретші Кевин Картер Африкаға келеді. Сол жылы қарақұрлықты құрғақшылық жайлап, халық аштық зардабын қатты тартып жатқан кез болатын. Суретші бір ауылға келсе, тұрғындардың барлығы БҰҰ-ның таратып жатқан азық-түлігін алу үшін кетіп қалыпты. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеген Картер емін-еркін ауылға кіріп, асықпай аралап көруді жөн санайды. Бір уақытта шешесінен ажырап, аштықтың салдарынан құр сүлдесі қалған 4-5 жасар баланы көзі шалады. Артында баланың өлуін күтіп тазқара отыр. Бұл көріністі дереу түсіріп ала қояды. Сәтті болған жұмысына  қуанышы қойнына сыймай еліне оралады. Суретшілердің көрмесіне қатысып, атақты «Футзер» сыйлығын жеңіп алады. Жүлдесін жора-жолдастарымен бір кафеде жуып тастап, кешке үйіне оралады. Диванда ойланып жатып, өз суретіне қайта үңіледі. Бұл жолы басқаша көзбен қарай бастайды. Біреу түртіп қалғандай санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалады: «Әлгі аш балаға неге жәрдем бермедім? Ол құстың жемтігіне айналып кетпеді ме екен?» деген сұрақ қатты мазалайды. Осылайша үш ай бойы жанын жегідей жеп, ақыры есінен айырылып, өз-өзін асып өлтіреді...

Дайындаған
Файзулла Тайтелиев

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру