Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақсы көруден қорқам

23.04.2014 5303 0 пікір

Жүсіп пайғамбар (а.с.) қапасқа түссе де тағдырынан терең мойынсұнып, сабырлық танытты. Құлшылықтарын еселеп, көп дұға оқып, жалбарынумен болды. Өзінің көркем мінезділігінен таймай, жанындағыларға мейірімділік танытты, ізгі насихат айтты. Көп өтпей қапас ластықтан тазарып, түрмедегілермен достасып кетті. Араларындағы бауырластықтың шынайылығы сондай, бірінің мерзімі бітіп еркіндікке шықса, Жүсіп пайғамбарды (а.с.) қимай, қайта оралу үшін қылмыс істейтін еді.

Тіпті, қапастың басшысының өзі оны жақсы көріп: «Әй, Жүсіп! Мен осы уақытқа дейін дәл сендей ешкімді жақын тартып, жақсы көрмеппін», – деп ілтипат білдіргенде, ол: «Алла мені сенің жақсы көруіңнен сақтасын», – деп жауап қайтарды. Ол: «Неге?» деп таңғала сұрағанда, Жүсіп: «Әкем мені басқа ұлдарынан артық жақсы көріп еді, бауырларым қызғанышпен маған қастандық жасады. Кейін мені уәзірдің ханымы жақсы көріп еді, өзің көрген мына қапасқа түсірді», – деп түсіндірді.

Құдайберді БАҒАШАР

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру