Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сақтансаң сақтайды

17.04.2014 7073 0 пікір

Өмірде басқа түсіп жататын қауіп-қатерлерден сақтанудың шарасын іздеп жүрген жастарға:

АУРУХАНА өз тілімен былай деді: «Маған түсетін жастардың көпшілігі ішкілік, темекі сияқты жаман әдеттерге шалдыққандар. Сондай-ақ, шаруасы шатқаяқтағандар мен өлімнен қорқып зәре құты қашып, тәуекел ету мен бойұсынудың  не екенін білмейтіндер де бізге «қонаққа» келіп тұрады. Әрине, орта жастан асқандар мен бойынан әл-қуаты кеткен қариялар да көптеп кездеседі. Егер қаласаң, бөлме-бөлмелерімнің бәрін аралатып, адамдардың қаншалықты әлсіз екенін әрі кішкене микроптың өзінен бүк түсіп жатып қалатындарды көрсетейін. Әрең тыныс алып, өлім аузында жатқан мүгедектеріміз де бар. Дәм-тұзы таусылып, туысқандарымен қош айтысып, бір-бірлерін қимай егіліп жылағандарға да  куә боласың. Ал, енді кейбіреулері мына өмірмен біржолата  қош айтысып, өлімді  күтіп жатқаны да баршылық.

Құрметті бауырым! Маған  иманды жастар көп келмейді. Неге? Өйткені, олар жаман әдеттерге жоламайды. Өмірін иманның нәрімен гүлдендіріп өткізген қариялардың жағдайлары мүлде басқа. Олар өлімді қайғы-мұңмен емес, күлімсіреп қарсы алады. Ал, олардың туған-туsсы  сабырлық танытады. Айқайлап, бақырып-шақырып мазаны алмайды. Ал, имансыздар мен өмірдің мәні мен мағынасынан бейхабар жандардың мұндай кезде қандай күйге түсетінін сен жақсы білесің.

 Егер насихат тыңдағың келcсе, еш тартынбай бізге кел. Шарасыз науқастарды, өмірден өткен адамдарды көргенде ақыл-есіңді жиятыныңа сенімдімін. Иманның қадірін ешқашан ұмытушы болма! Мына жалған дүниеде адамдардың өте әлсіз жаратылыс екенін де естен шығарма! Аллаһ жар болсын!

 ТҮРМЕ де өзі тілінде былай деді: «Мүмкіндігі мол бауырым! Иә, сен айналаңдағылардан ғибрат алғың келеді. Маған түскен  жастардың басым көпшілігі адамдарға жамандық жасағандар. Олардың мұнда  істеген ісіне қатты өкініп, бармағын шайнап жатқандарына да куә болдым. Олар менде   ұзақ уақыт болатынын ойлаған сайын өзектері өкініштен өртеніп: «Ақымақ басым-ай? Тыныш жүре берсем қайтер еді?»,– деп  қайғыдан қан жұтады. Олардың осындай сәтін көргенде менің суық әрі үрейлі дуалдырымның өзі егіліп жылағысы келеді. Мен де іштей қатты қиналып: «Қап, әттеген-ай, егер олардың  жүрегінде Аллаһқа деген қорқыныш пен ақирет күніне деген сенімдері болғанда мұндай іске бармас еді-ау» деген ой келеді.

Ұмытпа! Бар жақсылықтың бастау бұлағы  исламда. Аллаһтың  әмірлеріне  бойұсын! Егер олай істемесең бейшара халге түсесің!

 ҚАЙЫРШЫЛЫҚ та өз тілінде былай дейді: «Маған шалдыққан жастардың көпшілігі Аллаһқа тәуекел етуді ұмытқандар. Олардың жүректері қарайып, бар қызықты мас болып сайрандаудан іздейді. Немесе отбасының отын өшіріп, ешқандай табысы жоқ, бар нәрсесін құмарға тігіп, тұңғиыққа түскен бейшаралар.

 OЛAPFA ДА ЖАНЫҢ АШЫСЫН! Оларға мұрын шүйіріп қараушы болма! Өйткені оларға насихат айтатындар болған жоқ. Имандылықтың әсемдігі мен Аллаһты ұмытудың дүниені қара түнекке айналдыратынын түсіндіріп беретіндер  табылмады. Сондықтан қазіргі жағдайыңа шүкір ет! Оларға дұға ет. Сонда ғана иманның дәмін сезініп,  ізгілік жолды таңдар.

 МАЗАР да өзінің тілінде былай деді: «Бойыңда қаны тулап тұрған жас бауырым! Мені көргенде неге түрің бұзылып кетті? Қорықпа? Мен  өзің сияқты иманды адамдардың жұмаққа кіруіне себепші болуын күтетін орынмын. Сендерді қиямет күніне дейін қонақ етіп, сосын жұмаққа шығарып саламын. Бірақ, сонда да ғибрат алу үшін сенімен біраз серуендеп қайтайын. Сен анау алдымызда тұрған баланы көріп тұрсың ба? Қандай сүйкімді! Бірақ өкінішке орай, ол өмірінің ең қызықты кезінде маған келуіне тура келді. Мына қарияларды көріп тұрсың ба? Өмір тауқыметін көп көріп тынығып жатқандай. Мұны саған неге айтып жатырмын? Маған  жас, кәрі демей барлығы келе беретінін естен шығарма! Осыған әрқашан дайын бол! Қаласаң басқа мазарларды көрейік. Келе ғой мына жас жігіттің қабіріне. Ол жайлы естігенде қорқып, жаның ашиды. Раббысын танымай, құлшылық етпей өмірден өтті. Ғибрат алғың келсе, жақсылап зер сал. Үстіне зіл батпан жүк артқандай қиналып тұрғанын көріп тұрсың ба? Жанашырларының барлығы тастап кеткен. Өкініштен өксіп жатқанын естіп тұрған шығарсың? Қайта айналып келе алмайтын жолға түскен. Бұл жол оны тозаққа алып барады. Байқаймын, түсің өзгеріп барады. Мұның барлығы азаптың ең жеңілдері. Жарайды, олардың тозаққа барғанда қандай күйге түсетінін айтып мазаңды алмай-ақ қояйын.

 Ал енді хош иістер аңқып  тұрған жаққа барайық. Қарашы жүзінен нұр  төгіліп тұр. Аллаһтың мейіріміне бөленген. Қасында жүзі жарқын жолдасын көрдің бе? Олар негізінде дүниеде де жолдас болған. Оның оқыған намазы жүзінің жарқырап тұруына себепші. Ол жалықпай, еріншектікке салынбай намаз оқыды. Ал, енді оқыған намазы Аллаһтың рұқсатымен қабірде оған ажырамас дос болды. Оған қызмет көрсетіп жүргендерді көріп тұрсың ба? Олар осы жігіттің дүниеде істеген игі амалдары. Қандай бақытты десеңші! Өйткені ол бұл жерден кеткен соң, жұмаққа барады, жұмақтан кейін барша нәрседен артық Аллаһтың көркем жүзін көру мүмкіндігіне ие. Енді қаласаң бұл жерден шығайық.

 Мазар жас жігіттің қасына келді де қолын  иығына қойды. Бетіне ұзақ уақыт тесіліп қарап тұрды да былай деді: «Уақыты келгенде міндетті түрде маған келесің. Сені бұл жерде жалғыз қалдырып кететін дүниеге ешқашан алданба! Айналаңа қара, мұнда ең бағалы нәрсе адамның жақсы амалы. Дүние-мүлік, атақ пен даңқтың бұл жерде ешқандай пайдасы жоқ. Ұмытпа!»

 Жас жігіт осыншалықты ғибраты мол сөздерді естігенде тұла бойы дірілдеді.  Қиялындағы жолдасы (дүниеніі қызығы  алыстап кете берді. Оның арқасынан біразға дейін қарап тұрды да тізе бүгіп:

«Раббым, мені жалғыз тастама! Мені дүниенің жылтырағына алданудан сақтап, сүйікті құлдарыңның қатарына қоса гөр» деп егіліп жылап жіберді.

 Дайындаған:
Файзулла Тайтелиев

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру