Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРҒА

11.04.2014 7989 0 пікір

80 жастағы шал 45 жастағы ұлымен бірге үйде отырғанында терезе алдындағы ағашқа бір қарға ұшып келіп қоныпты.

-Бұл не нәрсе? - деп әкесі сұрағанда баласы: «Мұның аты қарға», - депті.

Біраздан соң әкесі баласынан екінші қайтара:

- Бұл не? деп сұрағанда баласы:

- Әке мен сізге бұл қарға деп айттым ғой депті.

Шал үшінші рет «Бұл не?» - деп сұрады. Осы кезде баласы «Мұны қарға деп айтады» дауысын қатайтып айтқанда оның дауысынан  біртүрлі жақтырмаған леп білініп тұрды.

Біраздан кейін әкесі «Бұл не нәрсе?», - деп сұрағын төртінші рет қайталады. Бұл жолы баласы: «Мен сізге қайта-қайта мұны қарға деп атайды деп айтсам да неменеге түсінбей менен қайталап сұрай бересіз!» - деп әкесіне қарап дауыс көтеріп айқайлапты.

Әкесі өз бөлмесіне кіріп кетіп қайта шығып келеді де баласына өзінің көп жылдардан бері жазып жүретін ескірген күнделік дәптерін ұсынып:  

- Мына бір бетті оқышы дейді.

Ол күнделік бетінде осыдан көп жыл бұрын төмендегідей сөз жазылған екен: «Бүгін үш жасар баламмен бірге үйде отырғанымда біздің терезенің алдындағы ағашқа қарға келіп қонды. Ұлым 23 рет «Бұл не?» деп сұрағанда мен 23 рет «Мұны қарға деп айтады» деп жауап бердім. Ұлым бірдей сұрақты 23 рет қайта сұраған сайын маған оның күнәсіз сәби жүзі сондай сүйкімді көрініп,  күлкім келсе де сұрағына шын ниетіммен жауап бердім».

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру