Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түсіну

27.02.2014 5897 0 пікір

«Болашақ» бағдарламасы бойынша батыс елдердің бірінің беделді жоғары оқу орнынан білім алып келген бір жас жігіт үлкен компанияға менеджерлік қызметке кіргісі келіп сынақ тапсырыпты. Компания директоры жас жігіттің құжаттарымен танысып отырып:

-Оқып жүрген кезіңде қандай бір әлеуметтік көмек алып тұрдың ба?

-Жоқ

-Әкең үнемі ақша жіберіп тұрған болар?

-Жоқ. Әкем менің бір жасымда дүниеден қайтқан, анам мені тәрбиеледі.

-Анаң не жұмыс істеуші еді?

-Өмір бойы үйден адамдардың киімін жуып беріп ақша табатын.

Директор жас жігіттің кіршік тимеген ақ сазандай таза қолы мен саусақтарына қарап отырып:

-Анаңа көмектесуші ме едің? - деп сұрайды.

-Жоқ, анам мені жақсы оқы, сабағыңа ғана қара деп жолатпайтын.

-Олай болса сен бүгін үйлеріңе барып анаңның қолын бір рет жақсылап  жуып беріп, ертең маған кел депті директор.

Жас жігіт те жұмысқа тұратын мүмкіндігім жоғары болды деген сеніммен қуанып, кешкілік анасына  қолыңызды жуып берейін дегенде анасы баласының бетіне таңырқап қараса да ештеме демей қолын ұсыныпты.

Жігіт Анасының қолын жуып-сүртіп, май жағып беріп тұрып алғаш рет анасының қолының әжімінің көп екенін, жара, тыртықтармен толы екенін, қолының терісі әбден құрғап кеткенін көріп көзі жасқа толыпты. Бұл екі қол ғана мен үшін еңбек етіп, осы екі қолдың арқасында ғана менің болашағым жасалды ғой деп ойлағанда жүрегі аянышқа толып, сол күні анасына  киімдер  жуысып, әртүрлі ой-ойлаумен түнімен ұйықтай алмай, таңертең директорға барыпты.

Жігіттің жылағаннан ісіп кеткен көзін байқаған директор:

-Кеше кешке үйіңе барған соң не ұқтың?

-Анам болмаса бүгін осы жерде осылай тұрмайтынымды түсіндім. Кеше анама көмектесіп тұрған кезімде «Адам мақсатына жету үшін қалай еңбек ету керектігін және қандай жағдайда да өзі туған отбасына  көмек жасау керек екендігін түсіндім».

-Өте жақсы, тек қана ақшаны өмірінің мақсаты етпей адамдардың істеген еңбегін бағалай білетін жігерлі, ойлы, жас қызметкер іздеп отыр едім, енді саған сенетін боламын деп директор жігітті қызметке қабылдапты.

Жас жігіт те еңбекқорлығы, жақсы мінезімен ұжымына  абыройлы болып, компания жұмысы да өрге басыпты.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру