Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тыңдашы, нәпсім! Тыңда да, сенші!

04.12.2013 9056 0 пікір

ТЫҢДА, ӘЙ, НӘПСІМ! Қиямет қайым дәл қай күні, қай сағатта болатынын ешкім білмейді. Бірақ ол күн міндетті түрде келеді. 

ҚҰЛАҚ САЛ, НӘПСІМ! Барлық пайғамбарлар да, қасиетті Құран да, бүкіл жаратылыс атаулы да, ақылымыз да, жүрегіміздің ең түбіндегі ұжданымыз да Ол күннің міндетті түрде бар екенін білдіруде, айғақтауда және куә болуда.

СЕН ДЕ ОҒАН ИМАН КЕЛТІР, ӘЙ НӘПСІМ! Бұл дүниеге босқа келгем, босқа кетем. Бұл дүние біткен соң, іріп-шіріп, жоқ болудан басқа ештеңе жоқ деп алданба! Қабір әлемі, Бәрзах әлемі, Мизан, Сират, Махшар алаңы, Арасат алаңы, Жұмақ пен Тамұқ - бұлардың бәрі ойдан шығарылған сөздер емес.

Мына аяттаррды бір тыңдап көрші. 

Бисмилләһир рахманир рахиим.
1 – Күн түріліп, сәулесі сөнген кезде;
2 – Жұлдыздар бытырай төгіліп, жарықтары өшкен кезде;
3 – Таулар жылжытылған кезде,
4 – Боталайтын інгендер (секілді ең қымбат малдар да) тәрк қылынып тасталған кезде; 
5 – Жыртқыш аңдар (қойдай иіріліп Алла құзырына) жиналған кезде;
6 – Теңіздер өртеніп қайнаған кезде; 
7 – Жандар (жақсылар жақсымен, жамандар жаманмен) қосақталып, рухтар тәнге еніп жұпталған кезде;
8 – Тірідей көмілген қыздардан
9 – Қай кінәсі үшін өлтірлегені сұралған кезде...
10 – Амал дәптерінің парақтары ашылған кезде...
11 – Аспан (қойдан терісі жұлынып алынғандай) сыдырылып (ішіндегі бар сыры) ақтарылған кезде,
12 – Жәһаннам жалыны қызған үстіне қызған кезде...
13 – Жәннат (тақуа құлдардың кіруіне) жақындатылған кезде... 
14 – Әне, сонда әр адам келешегі үшін не әзірлеп қойғанына көзі жетеді. ("Тәкуир" сүресі, 1-14 аяттар)

Енді сендің бе? Егер сенсең, бұдан былай әр сөзіңді, әр қылығыңды, жұмысыңды, қызметіңді, мінез-құлқыңды соған қарай ұйымдастырғаның дұрыс.

А.Ноғаев
"Әзірет Сұлтан мешітінің" наиб имамы 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру