Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Аягөздегі балуандар бәсекесі

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 04.05.2024 911 0 пікір
Абай: Аягөздегі балуандар бәсекесі

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылдық «Қазығұл ата» мешітінің имамы Масғұд Татығанбайұлының ұйымдастырумен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Балуандар жеңісі» қазақ күресінен сайыс өтті.

18 жастан асқан ересектер арасында Түйе балуаннан үмітті жарысқа қатысушылар арасында жеребе тасталып, қарсыластар анықталды. Жарыстың алдында еліміздің әнұраны шырқалып, палуандардың рухын бір көтеріп тастады. Түйе палуандар сайысын тамашалауға Мамырсу ауылдық әкімшілігі мен ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, ақсақалдар батасын беріп, әжелеріміз шашуын шашты.

Аягөз ауданы, Мамырсу ауылының әкімінің бас маман заңгері Серікқали Искаков ағамыз жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеп, құттықтау сөз айтты. Мамырсу ауылының ақыны Орысбай Татқанқұлов атамыз палуандарға рух беретін өзінің өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар, «Қазақ аналары Дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігі Аягөз ауданы филиалының төрайымы Бахаргүл Саниязова апамыз құттықтап, шашуын шашты.

Сайыс өте тартысты өтті. Кіл мықтылар бақ сынасқан сайысқа Аягөз қаласы мен ауданға қарасты ауылдардан жеңіске үмітті 17 түйе палуан қатысты. Еркін Шуақбаев, Мейрамбек Жаманқұлов, Нұрғазин Әділет, Жанатаев Мәдениет сынды білікті мамандар төрешілік жасады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды (50 мың тг) Қарағаш ауылы палуаны Аманбол Қабдоллаев, ІІ орынды (30 мың тг) Аягөз қаласы палуаны Рауан Зәрутай, ІІІ орынды (10 мың теңгеден) Аягөз қаласы балуаны Сұңқар Ибраев және Майлин ауылы балуаны Саят Қанапиянов иеленіп, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Осы бір спорттық шараның өтуіне ат салысқан барша азаматтарға, Аягөз ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Еркін Юсупов мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру