Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Отбасындағы Ихсан» семинары өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.03.2024 411 0 пікір
Алматы: «Отбасындағы Ихсан» семинары өтті

ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай Алматы қаласы Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы Ихсан» тақырыбында ерлі-зайыптыларға арналған семинар өткізілді.

Семинар спикері «Үйленбей тұрып үйрен» кітабының авторы, РАНТ мүшесі, PhD докторант, дінтанушы Руслан Қамбар ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына байланысты ислам дерекккөздері негізінде отбасылық мәлелелер мен шешімдер туралы сөз қозғады. Сонымен қатар мамандардың отбасы мәлелелеріне қатысты құнды кеңестерін ұсынды.

«Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев ер адамның отбасы алдындағы міндеті мен жанұясына жұмсаған қаражатының сауабы жайына тоқталды. Жұбайлар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Алла разылығы үшін отбасына қамқорлық жасау насихатталды. Шараға 15 жұп қатысты.  

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру