Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА 430 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.03.2024 421 0 пікір
АЛМАТЫДА 430 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспарға сай «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі мен «Дәулеттен» қоры бірлесе 250 отбасына қайырымдылық шарасын өткізді. 

Сондай-ақ қайырымдылыққа толы рамазан айының құрметіне «Рамазан қоржыны» ретінде қала мешіттерінде атап айтсақ, Алатау ауданы бойынша 110 отбасына, Алмалы ауданы «Төле би» мешіті 30, Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешіті 20 мұқтаж отбасына, Жетісу ауданы мешітінде көмекке зәру 20 отбасыларына азық-түліктер салынған себеттерді таратты. Жақсылықта жаршы болып, Рамазан айының мол сауабы үшін қайырымдылыққа үлес қосқан барша демеушілерге Алла разы болғай! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру