Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Тарауық тәсбиxтің рұқсат екендігі жайында - Ерсін Әміре

21.06.2016 5546 0 пікір

Жүктеу

Бүгінгі күннің мұсылмандары Шариғат мақұлдаған істерді қабылдау мәселесінде шектен шыққандары соншалық, біреулері оларды «тыйым салынған жаңалық» деп есептесе, екіншілері оларды парыз дәрежесіне дейін көтеріп,оларға амал етпеу – күнә деп санайды, және бұл мәселеде отандық мұсылмандар да шетте қалмады. Осы екі көзқарастың түп-тамыры кәдімгі қарапайым надандықтан тарайды, ал аталған екі топ та сөгіске лайық, себебі ең дұрыс шешім, әдеттегідей – ортада жатыр. Рамазан айында талқыға көп түсетін мәселелердің бірі – тарауық намазында ракағаттар арасында оқылатын "тарауық-тасбихтің", яғни Алланы зікір етіп, мадақтау сөздердің оқылуы. Біздің өңірімізде тарауық тасбихінің белгілі бір түрі қалыптасқан, және ол Шариғатқа қайшы емес, керісінше, парыз деңгейіне көтермеген жағдайда, оның мақсаттарына сай келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру