Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

07 July 2025

12 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

СПИРТ ҚОСЫЛҒАН ТАҒАМДЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі muftyat.kz 15.10.2020 13607 0 пікір
СПИРТ ҚОСЫЛҒАН ТАҒАМДЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

Қазіргі таңда көптеген дәрілерге, иіссуларға, азық-түлік құрамына т.с.с. өнімдерге белгілі бір мөлшерде спирт қосылады. Спиртті қосудағы мақсат – құрамындағы кейбір заттарды еріту және ұзақ мерзімге сақтау. 

Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла ол кісіге рақым етсін) мәзһабында жүзім мен құрмадан өндірілген шарап – нәжіс әрі харам. Техникалық, медициналық спирттер адамды мас ету тұрғысынан харам саналғанымен, синтетикалық және ферментациялық жолмен алынғандықтан, нәжіске жатпайды.

Спирттің қандай да бір түрі тағамға қоспа ретінде қосылса, алайда құрамы өзгермесе, шариғи тұрғыдан ондай тағамды тұтынуға рұқсат етілмейді.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мас ететін ішімдіктің азы да, көбі де – харам» (Тирмизи) деген.

 ҮКІМ:
  1. Тағамдық қоспа ретінде қосылған спирттің құрамы өзгермесе, ондай тағамдарды, тәттілерді жеуге болмайды.
  2. Тағам құрамындағы спирт құрамының өзгеріп-өзгермегендігі зертхана мамандарының нұсқаулығы негізінде ғана анықталады.

 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

«Мұнара» газеті, №17, 2020 жыл

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar