Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 355 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.04.2023 1696 0 пікір
БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 355 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Қарағанды қаласында Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл толуына орай республикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Балқараұлы, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев т.б. зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен дін қызметкерлері қатысты.

Конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі 3 мыңға жуық мешітте айтылатын жұма уағызының тақырыптары мүфтият жанындағы арнайы жұмыс тобының шешімімен жыл басында бекітіледі. Соның нәтижесінде бір мезетте барлық мешітте бір тақырыпта насихат айтылады.

Мүфтият жанындағы Уағыз-насихат бөлімі жұма уағызы мәтінін дайындап, имамдарға ұсынады. Жұма уағызы мәтініне міндетті түрде ақын-жырауларымыздың өлең-жырларынан үзінділер қосылады. Мысалы, намаз оқудың маңызы туралы айтылатын жұма уағызына Бұқар бабамыздың:

«...Бесінші тілек тілеңіз

Бес уақытты бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа» деп келетін өсиетті жырларынан үзінділер келтіріледі» деді.

Конференция барысында Құран оқылып, Бас мүфти Бұқар Қалқаманұлының рухына арнайы дұға бағыштады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру