Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ЗЕЙІНДІ ОҚЫРМАН» КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.01.2023 2358 0 пікір
«ЗЕЙІНДІ ОҚЫРМАН» КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ (ФОТО)

Елордада «Зейін» оқырмандар клубының 4 жылдығына орай «Зейінді оқырман» кітап оқу байқауы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әл-Фараби» залында өткен кітап байқауында клуб жетекшісі Махамбет Саттарұлы оқырмандарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, сәттілік тіледі.

Байқау барысында екі кітап таңдалды. Бірі – «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының кейбір бөлімдері, ал екінішісі – Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі. Қатысушылар 15 минутта 30 сұрақтан құралған тест сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде Лаура Жұманова «Зейінді оқырман» (50 000 тг) атанса, Нұрпатта Нұрғазы «Үздік оқырман» (30 000 тг), Гүлнар Ибадуллаева Гүлнар «Белсенді оқырман» (20 000 тг) атанып, арнайы жүлделерге ие болды.

Қалған барлық қатысушыға веломарафоншы, ағылшын тілінің маманы әрі «Толық адам» идеясының авторы Ернат Мелсұлының «Ағылшынша тіл сындыру» кітабы сыйға берілді. Сайысқа қатысушылар кітап оқуға ынталандырып, игі іске ұйытқы болып жүрген «Зейін» оқырмандар клубына алғысын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру