Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

03 February 2023

12 Rajab 1444 Хижра

  DINI MEREKELER

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2022 1658 0 пікір
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен республикалық «Иман» журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай қайырымдылық шарасына негізінен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар қамтылды. 20 отбасының әрқайсысына 10 қап, яғни жарты тонна көмір таратылды. Сондай-ақ жанұяларға азық-түліктер жеткізілді.

Қайырымдылық шарасына БАҚ өкілдері, атап айтқанда республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінің тілшілері, сондай-ақ Діни басқарманың «Мұнара», «Иман» басылымдарының қызметкерлері мен авторлары қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру