Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ «ХАСЕКИГЕ» ҚАБЫЛДАНҒАН ШӘКІРТТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.07.2022 6138 0 пікір
БАС МҮФТИ «ХАСЕКИГЕ» ҚАБЫЛДАНҒАН ШӘКІРТТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» академиясына оқуға қабылданған шәкірттермен кездесті.

ҚМДБ мен Түркия Дін істері басқармасы арасындағы меморандум аясында 2022-2023 оқу жылына сынақ тапсырған жүзге жуық талапкердің 24-і үздік деп танылған болатын.

«Асыл дінімізде білім алу ер мен әйелге бірдей парыз саналады. Әрине, туған жерден, ағайын-туыстан жырақта жүрудің сынағы болады. Соған сабыр етіп, бастысы, ізгі ниетпен барып, шынайы ықыласпен білім алыңыздар. Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы Діни басқарманың қамқорлығын сезініп, қадірін түсініп, елге, дінге қызмет ету басты мақсаттарыңыз болғай. Алла Тағала пайдалы білім нәсіп етіп, елге аман-есен оралуларыңызды жазсын» деп жылы лебізін білдірді Бас мүфти.

Айта кетейік, екі топқа бөлінген шәкірттер «Хасеки» академиясының бағдарламасы бойынша Түркияның Кожаелі және Кайсери қалаларында білім алады. Бүгінгі таңда осы оқу бағдарламасы бойынша 100 шәкірт білім алып, елге оралды. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру