Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МИССИЯ ДӘРІГЕРЛЕРІ 211 ҚАЖЫҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.07.2022 3675 0 пікір
МИССИЯ ДӘРІГЕРЛЕРІ 211 ҚАЖЫҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты – қажыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Осы уақытқа дейін миссия дәрігерлері 211 қажыға медициналық көмек берді.

Қажылық миссиясы құрамында 3 дәрігер бар. Дәрігерлер Әбдіжаппар Еркінұлы, Ардақ Айтбайұлы және Нұргүл Бекова 24 сағат бойы Қазақстан қажылық миссиясы жанындағы медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген отандастарымызға медициналық қызмет көрсетіп, дер кезінде ем-дом жасау іс-шараларын жүзеге асыруда.

Миссияның дәрігерлер тобының жетекшісі Әбдіжаппар Еркінұлының айтуынша, орталық қызметіне жүгінген қажылардың 30 пайызы – құлақ, тамақ, мұрын, тұмау аурулары, 20 пайызы – қан қысымының көтерілуі, 10 пайызы – жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, 8 пайызы – аяқтың қажалуы, 6 пайызы әртүрлі жарақат алу және қалғаны буын аурулары, асқазан-ішек жолдарының қабынуы, аллергия, күн өту секілді мәселелермен келген. Бүгінде олардың бәріне тиісті ем-дом жасалды.

Сондай-ақ 14 қажылық фирмасының дәрігерлері де қажыларға медициналық қызмет көрсетуде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру