Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСТАНАЙДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.06.2022 1147 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСТАНАЙДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай қаласында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісім – қастерлі ұғым» республикалық конференциясына қатысты.

Алқалы жиында баяндама жасаған Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазіргі әлемдегі күн сайын құбылған ұстанымдар мен тұрақсыздық қазақ халқының «Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді» деген мақалының өміршеңдігін дәлелдеді. Расында, халқымыз айтқандай, «бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас».

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Бүгінде «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді» деген мақалдың мәнін терең түсінетін кез жетті», – деді.

Конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары мен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің осы осы өңірдегі мүшелері татулық жайлы тағылымды баяндама жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру