Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТ АЛҒАН ФАБРИКА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.06.2022 3058 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТ АЛҒАН ФАБРИКА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Діни басқарманың халал сертификатын алған құс фабрикасында болды.

Бас мүфти бастаған делегация Рудный қаласында Діни басқарма жанындағы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алған құс фабрикасын аралап, жұмысымен танысты.

«Аллаға шүкір, қазір халық тарапынан халал өнімдерге деген сұраныс күн санап артуда. Діни басқарма өз мүмкіндігі аясында халықтың халал өнімді тұтынуына қолайлы жағдай жасауда. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды ұдайы жалғастыра береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру