Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ФОТОКӨРМЕ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЛІГІНЕ АРНАЛДЫ (ФОТО)

muftyat.kz 30.05.2022 2292 0 пікір
ФОТОКӨРМЕ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ БІРЛІГІНЕ АРНАЛДЫ (ФОТО)

Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Әртүрлі елдердің татулығы мен бірлігі» фотокөрмесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, арнаулы баяндама жасады.  

«Қазақ халқы ежелден бірлікті насихаттап, ынтымақты ел болуға шақырған. Бүгінде сол игі дәстүрді жаңғыртқан қазақ елі көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекеніне айналды. Діні мен тілі, салт-дәстүрі бөлек болса да тағдыры бір мекенде тоғысып, Қазақстан атты бесікте тербелген халықтар достығы әлемге өнеге болуда. Халқымыз «Бірлік түбі – береке», «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік», «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бірлік пен бауырластықтың қоғамның барлық саласындағы маңызына мән берген» деп атап өтті наиб мүфти.

Іс-шараға сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығының басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Германия және Иранның Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Сондай-ақ іс-шара соңында алда келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған «Әлем және руханият менің көзіммен» сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Айкүміс Еселхан,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру