Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ ЖҰМА НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.05.2022 3806 0 пікір
ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ ЖҰМА НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Түркістан қаласының облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде түркі мемлекеттерінің мүфтилері жамағатпен жүздесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Замир Ракиев және Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков жамағатқа жылы лебізін арнап, насихатын айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Отанның қадірі туралы уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру