Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 03.05.2022 2609 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айт мейрамымен құттықтап, хат жолдады.

«Сізді және барша Қазақстан мұсылмандарын қасиетті айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл қасиетті мерекеде мұсылмандар отыз күн бойы ұстаған оразаны қорытындылайды және бабалардан қалған дәстүр бойынша туған-туысты құттықтап, мұқтаж жандарға қарайласып, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлықтың үлгісін көрсетеді. Рамазан айының мақсаты да осы – адамның жан дүниесін кемелдендіру және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту» делінген құттықтау хатта.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру