Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.05.2022 3599 0 пікір
БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ (ФОТО)

Бүгін – қасиетті Ораза айт мерекесі. Исі мұсылман үмметіне қадірі ерекше қос мерекенің бірі болған Ораза айт мейрамы Елорда бойынша таңғы сағат 07.00-де айт намазын оқумен басталды. Намазға дейін жиылған жамағатқа Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов Ораза айт мерекесі жайлы насихат айтты.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі айт мерекесіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, жамағатты Ораза айтпен құттықтады. Жиылған жамағатқа бүгінгі мерекенің мән-маңызын жеткізіп, айт намазының оқылу үлгісімен таныстырды. Айт намазына имамдыққа шығып, айт намазының құтпасын оқыды. Намаз соңынан жамағатпен бірге дұға жасап, еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру