Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 02.05.2022 2985 0 пікір
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Бұл айтулы мейрамның күллі мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше. Қасиетті Рамазан айына жалғасқан жарқын мереке ізгілік пен мейірімділікке, адамгершілік пен қайырымдылыққа үндейді. Бұл күндері жұртшылық бір-біріне жанашырлық танытып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Адамдар жақсы істерге ұйтқы болып, рухани құндылықтарды дәріптейді.Сондықтан айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айы мен Ораза айттың тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор. Осынау шуақты мерекеде  баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Айт қабыл болсын!» делінген Мәжіліс Төрағасының құттықтауында.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру