Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 27.04.2022 3048 0 пікір
БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде студенттермен жүздесті.

Білім ордасына арнайы ат басын тіреген Бас мүфти кеңесшісі алдымен Академиялық мәселелер департаментінің директоры, филос.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаевпен жүздесіп, сұхбаттасты. Кездесуде университет ахуалы, білім беру бағдарламалары мен студенттерге қатысты мәселелер айтылды.

Ал студенттермен жүздесуді қасиетті Рамазанмен құттықтаудан бастаған Кенжетай Байкемелұлы білім алған жылдарындағы естеліктерін бөлісті.

«Осыдан 30 жыл бұрын біз ең алғаш діни білім алатын кезде тұңғыш бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы еді. Сонда Бұхара, Өзбекстаннан білім алған ұстаздарымыз өздерінің білім жолдарын мысалға келтіріп, бізге білім алуға барлық мүмкіндік жасалғанын баса айтты. Ал қазір сол ұстаздарымның хәлін мен айрықша сезініп отырмын» деді Кенжетай Байкемелұлы.

Сондай-ақ ол білім алудың артықшылығы, студенттерге дін қызметін атқару мен Нұр-Мүбарак университетінің түлегі болудың жауапкершілігіне кеңінен тоқталды. Өзі қызмет ету барысында кездескен түйткілдер мен қандай мәселелерге баса назар аудары қажеттігін жіті түсіндірді. Себебі қазір еліміздегі жамағаттың діни сауаты жылдан-жылға артып келе жатқанын айтқан Бас мүфти кеңесшісі, әсіресе отбасы, неке, талақ мәселелері өте нәзік әрі жауапты болатынына тоқталды. Одан бөлек қаржы, тағы да басқа заман тудырған шариғи сауалдардың жай-жапсарын түсіндіре келе, студенттерге қасиетті Құран жаттауға, хафиздік қабілетті арттыруға кеңес берді.

Студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Айта кетейік бұл кездесу ҚМДБ мен Нұр-Мүбарак университеті арасындағы арнайы кесте бойынша болашақ түлектерді жұмыспен қамтуға қатысты өткен болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру