Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 26.04.2022 2829 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма қызметкерлері Рамазан айының құрметіне тазалық іс-шарасына қатысты.

Іс-шарада мүфтият ғимаратының маңайы тазаланып, ағаш түптері қопсытылды.

«Асыл дініміз адамның жеке тазалығымен қатар, үйінің, көшесінің, қоғамдық орындардың, тіпті тау-тас пен орман алқаптарының тазалығына ерекше мән береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің үйін, аяғы басқан әр жерді таза ұстады және үмметіне тазалықты ұстануды өсиет етті. Әрқашан жеке гигиеналық тазалықпен қатар көшеміздің, жұмыс орнымыздың да тазалығына мән беруіміз керек. Қасиетті Рамазан айында өзімізді де, бала-шағамызды да, әріптестерімізді де осыған дағдыландырғанымыз жөн» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру