Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 21.04.2022 2408 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына іс-сапары барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен қос пәтердің кілтін табыстады.

Осылайша қасиетті Рамазан айында аталмыш қайырымдылық жобасы аясында 540 және 541-баспана кілті иелеріне табысталды. Қуанышқа бөленген жаңа пәтер иелері, баспанаға мұқтаж көпбалалы аналар – Эльмира Мамырбаева мен Гүлжауһар Маралова.

Алматы қаласы бойынша 15, 16-баспананың кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қоныс иелеріне ақжарма ақ тілегін арнады.

«Жаңа пәтерлеріңізді Алла құтты етсін, іші жанға, сырты малға толсын. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз елге қайырлы азамат болып жетіле берсін. Қолдау көрсеткен азаматтарға, игі іске ұйытқы болған имамдарымызға Алла разы болсын» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы Алатау және Түрксіб аудандары имамдарының тікелей ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.  

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру