Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІНИ БАСҚАРМА ҰСТАЗДАРЫ «ТҮРКІСТАН» ТЕЛЕАРНАСЫНДА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДЕ (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.04.2022 3488 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ҰСТАЗДАРЫ «ТҮРКІСТАН» ТЕЛЕАРНАСЫНДА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДЕ (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшылары мен мамандары «Түркістан» телеарнасының «Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасына онлайн қатысып, ораза жайлы сауалдарға жауап беруде.

Бір жарым сағатқа созылатын «Жаңа толқын» бағдарламасы қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы айдар ашып, WhatsApp желісі арқылы көрермендерден сұрақтар қабылдаса, діни сауалдарға ҚМДБ ұстаздары ZOOM платформасы арқылы жауап беруде.

Апта басында бағдарламаға Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфулла онлайн қатысса, бүгін Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл тікелей эфирде оразаға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Діни басқарма ұстаздары «Жаңа толқын» бағдарламасына Рамазан айының соңына дейін бірнеше рет онлайн қатысады деп жоспарланып отыр.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру