Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҮШ ЖЫЛ КҮТКЕН СӘТ: ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 02.04.2022 4142 0 пікір
ҮШ ЖЫЛ КҮТКЕН СӘТ: ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Кеше еліміздің барлық мешітінде соңғы үш жылда алғаш рет тарауық намазы оқылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі алғашқы тарауих намазына қатысып, жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтады.

Елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты екі жыл қатарынан оқылмаған тарауық намазымен қауыштырып, осы күнге жеткізген Жаратушы Аллаға шүкірлік айтып, Рамазан айын сауапқа толы өткізуді тіледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды.

Сондай-ақ, Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде отыз күн оразада Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды. Биылғы Рамазан айында тарауық намаздарын елімізге белгілі қарилар – «Әзірет Сұлтан мешітінің қызметкерлері Жұманазар Садырханов, Мұртаза Балахмет, Ерболат Шаудырбай және Түркістан облысы, Төлеби ауданының тумасы Мансурхан Сарварханұлы өткізбек. 12 жастағы бала қари 2021 жылы Түркістан қаласында өткен Республикалық Құран байқауында ІІ орын иеленген болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру