Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ЖАНЫНАН САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.03.2022 4227 0 пікір
ҚМДБ ЖАНЫНАН САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Сарапшылар кеңесі құрылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кеңес жұмысына елімізге белгілі ғалымдар мен ұстаздар, атап айтқанда, наиб мүфти Ершат Оңғар, Досай Кенжетай, Асылбек Ізбайыров, Ерлан Ақатаев, Алау Әділбаев, Мұхитдин Исаұлы, Қалижан Заңқоев, Құдияр Біләл, Құлмұхаммед Маханбет, Батыржан Мансұров, Талғат Жақиянов, Жалғас Сандыбаев, Балғабек Мырзаев, Кеңшілік Тышқан, т.б. ғалымдар мен сарапшылар қатысып, еліміздегі діни ахуалға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, сарапшылар кеңестің жұмыс бағыттарын талқылады.

«Қай заманда болмасын қоғамның ілгері дамуына парасат пен ізгілік жолын таңдаған ғұлама ойшылдар мен ғалымдар айрықша рөл атқарған.

Сіздер ел арасында, діни, рухани салада айтары бар, қоғамдық пікір қалыптастырып жүрген тұлғасыздар, белгілі ғалымсыздар. «Ақылдасқан азбас, жақындасқан тозбас» дейді халқымыз. Сіздермен кеңесіп, келісіп, жүйелі жұмыс жүргізу ниетімен өздеріңізді осында шақырдық. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірге ортақ мақсат жолында нәтижелі жұмыс істейміз деген сенімдемін» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Елімізде мұсылмандық дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, діни тұрақтылықты нығайту, жамағаттың діни сенім бірлігін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, т.б. тақырып төңірегінде пікір алысқан сарапшылар ортақ мақсат жолында бірлесіп, белсенді қызмет етуге уағдаласты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру