Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НАИБ МҮФТИ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 24.03.2022 3202 0 пікір
НАИБ МҮФТИ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

 

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратайұлы Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты мектеп оқушыларымен кездесті.

Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты бірнеше мектеп оқушыларының бітіруші түлектеріне әртүрлі сала мамандарымен кездесу өткізді. ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Бас мүфти сәлемін жеткізіп, бітіруші түлектерге маңызды дәріс оқыды.

Жаңа Қазақстанға қызмет етуде өскелең ұрпақтың руханиятқа бай болып, ел бірлігі мен ынтымағы үшін қызмет етуі турасында насихат айтылды. Мамандық таңдау, Ислам әдебі, ұлық болған Рамазан айы жайлы және тағы басқа тақырыптарда сұрақтарға жауаптар мен мол мағлұмат берілді.

Қырыққа жуық жуық мектеп бітірушісіне аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев пен «Қамқорлық дағдарыс» орталығының өкілі, нашақорлықпен күрес комиссиясының мүшесі Ербол Лұқпанов та тағылымды кеңес өткізді. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы оқушыларды Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, оқуда озат болуға сәттілік тілеп бата берді.  

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру