Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕДЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.03.2022 2962 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АҚТӨБЕДЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кездесуге облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ақын-жазушылар мен ғалымдар қатысты.

Басқосуда ҚМДБ Төрағасы Діни басқарманың жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары, оқу-ағарту саласында жүзеге асып жатқан игі бастамалар туралы баяндады.

Кездесуде ақын, публицист, аудармашы Мейірхан Ақдәулетұлы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы Ақылбек Дадин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, белгілі тарихшы Айшуақ Дәрменұлы, т.б. ғалымдар Діни басқарма шығарған «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Толық адам» кітаптар туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында аталған қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, зиялы қауым өкілдеріне сыйға берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру