Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 28.02.2022 3163 0 пікір
«КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының «Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде «Күшіміз – бірлікте» акциясын ұйымдастырды.

Қайырымдылық акция аясында мұқтаж 6884 отбасыға көмек көрсетілді. Әр отбасыға шамамен 20 келіден астам қажетті азық-түлік салынған 140 мың тоннаға жуық қорапты еліміздің барлық аймағында зекет қызметкерлері, имамдар мен еріктілер таратты.

Көмек алушылардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім-жесірлер бар.

Еске сала кетейік, қаңтар айында өткен «Күшіміз – бірлікте» акциясына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іс-шараға мұрындық болған қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірген болатын. Сонымен қатар Бас мүфти қайырымдылық бағытындағы ауқымды акцияның жыл бойы жалғасатынын жеткізген еді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру