Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.02.2022 3202 0 пікір
БАС МҮФТИ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде «Миғраж оқиғасы және оның ғибраты» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Бас мүфти Исра оқиғасынан мұсылмандар алуы тиіс пайдалы ғибраттарға тоқталып, намаз ғибадаты осы миғражда парыз етілгенін алға тартты.

«Бұл намаз құлшылығының қаншалықты үлкен маңызға, ұлы дәрежеге ие екендігін көрсетеді. Сондықтан намаз – мүміннің рухани миғражы. Намаз арқылы мұсылман адам рухани ем алып, жаман әдеттерден арылады.

Алла Тағала Қасиетті Құрандағы «Анкабут» сүресінің 45-аятында: «Намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды...» деп айтқан. Миғраж түні өткен ғажайып оқиғалар бізге қашан да ғибрат. Сондықтан біз бұған күмәнсіз иман келтіруіміз қажет» деді Бас мүфти.

Насихат барысында ҚМДБ Төрағасы қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайтудың маңызын атап өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру