Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАС МҮФТИ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.02.2022 3524 0 пікір
БАС МҮФТИ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймаққа қарасты мешіт имамдарымен арнайы кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, облыс бас имамы Қуаныш Сәбит және аймақ мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Жиынды ашқан Бас мүфти жақында өткен Төралқа кезінде көтерілген міндеттер мен жоспарларға тоқталды. Сондай-ақ жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін жеткізді. Имамдармен кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы имамдық қызметтің жауапты да сауапты тұстарына тоқталып өтті.

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқарар рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы» дей келе дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс. Сондықтан біз, дін қызметкерлері сүннетті салтымызға айналдыруымыз қажет» деді Бас мүфти.

Сонымен қатар кездесуде биылғы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында атқарылатын маңызды жұмыстар талқыланды.

Жиын соңында Бас мүфти облыс имамдарына нақты бірқатар тапсырма жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру