Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЖАС МАМАНДЫ АУЫЛҒА ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУДЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.02.2022 2982 0 пікір
ЖАС МАМАНДЫ АУЫЛҒА ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТУДЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Діни білім іздеген жастар неге шетелге кетуге ынталы? Бұл сұрақ әрқайсымызды терең ойландыруы керек. Бірнеше жылдан бері мемлекетіміздің көмегімен Ислам әлемінде жоғары мәртебеге ие әл-Әзһар университетінен білікті мамандарды Нұр-Мүбәрак университетіне қызметке шақырдық. Алайда шетелде діни білім алуға ниет білдірген азаматтар бар. Біз жастарды өз елімізде діни білім алуға қызықтырып, жігерлендіруіміз керек.

Біз медресе-колледждеріміздегі оқу бағдарламасын жетілдіре түсу мақсатында «Үздіксіз білім беру концепциясы» құжатын қабылдаймыз. Жас мамандарды ауылға діни қызметке тартудың кешенді бағдарламасы әзірленуде. Діни оқуды бітірген жастарды сатылап қызметке тағайындаймыз» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру